Бүгін Макинка мектебінің мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

23.10.2026

Іс-шараның мақсаты : оқушылардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге, туған елдің тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру.
Іс-шара барысында барлық оқушылар мерекелік бағдарламаға белсенді қатысты.  мектепалды даярлық және 4-сынып оқушылары Отанға, туған жерге және тәуелсіз Қазақстанға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқыды. 0 «Б»  және 3 «А»-4 «А»сынып оқушылары көрермендерге әдемі билерін  ұсынды. Ал 3 «Б»-сынып оқушылары туған елге деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізіп, Отан туралы ән орындады.
Іс-шара мерекелік әрі салтанатты жағдайда өтті. Оқушылардың өнер көрсетуі қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, балалардың өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Өткізілген іс-шара оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтуге, патриоттық сезімдерін нығайтуға, ұлттық дәстүрлер мен халықтың мәдени мұрасына деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. 

Просмотров: 222


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу